Ынтымақтастық

1.

Автожол саласын дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты жолға қою аясында Қазақстанның Автожолшылар қауымдастығы Польша Жол конгресс қауымдастығымен (Польша Республикасы) меморандумға қол қойды.

Бұл меморандум өзара тиімді негізде жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстаудың жаңа технологиялары мен әдістерімен, ғылыми қызметті дамытудағы тәжірибемен алмасуға, жол-құрылыс индустриясындағы процестерді автоматтандыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге, сондай-ақ халықаралық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға мүмкіндік береді.

меморандум

2.

2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан ның автожолышалр қауымдастығының кезектен тыс конференциясында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында жол құрылысы индустриясын дамыту, жолдардың сапасы мен жол-көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру саласында екіжақты ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, жол-құрылыс ұйымдарымен - Қауымдастықтың мүшелерімен, Жол активтерінің ұлттық орталығы анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын алу және тез жою бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл сонымен қатар қауымдастыққа мүше жол-құрылыс ұйымдарының қызметін бағалау кезінде ескеріледі.

меморандум2

3.

2019 жылғы 9 тамызда Қазақстанның автожолшылар қауымдастығының кезектен тыс конференциясында «Қазақстанның жол саласы еңбек ардагерлері» үкіметтік емес ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру барысында Ардагерлер кеңесі Қауымдастыққа мүше жол-құрылыс ұйымдарының қызметін бағалауға кеңестер береді және тәжірибелік көмек көрсетеді, сонымен қатар жолдарды салу және қайта құру сапасын жақсарту бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлейді.

меморандум3

© 2019 Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы
Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Манатау к., 21