Құрметті автожолшылар және құрылыс саласының қызметкерлері!

автожолшылар және құрылыс саласының қызметкерлері

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүкіл дүниежүзінде орнаған зұлым дерттің қатері себебінен өткеріп жатқан қиындықтарға қарамастан, оған тап беріп, адал істеріңізді үзбей атқарып келесіздер. 

Сіздерге ең бейбіт және жасампаз мамандыққа адал болып, осы саланың дамуына ұзақ жылдар бойы қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. 

Сіздерге әрдайым мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке, жол-құрылыс саласын одан әрі нығайту мен дамыту ісінде жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектестігімізді білдіреміз. 

© 2019 Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы
Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Манатау к., 21