Қазақстан автожолшылар Қауымдастығының президентi Баймағамбетов Б.А. жұмыс сапары аясында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына келді.

Баглан и люди Каздорнии
Машина Каздорнии и Баглан
Баглан и Багдат Телтаев
Баглан и оборудование2

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың автомобиль жолдары сапасына байланысты сынынан кейін саланы  сынға алатындар көбейе түсті. Бұның бәрі сала мамандарының еңбегін жоққа шығару емес, бүгінгі күн талаптарына сай нәтижені күту екендігі белгілі.

Осы тұста еліміздің автожолшылары тізе қосып еңбек етіп, сындарлы сыннан оң нәтиже шығаруға бел буған. Бұған дейін де отандық жол ғылымы мен оның жетістіктер туралы аз айтылып жатқан жоқ. Көзі қарақты көрермен мен жол саласына қатысы бар мамандар Қазақстан Республикасындағы жалғыз жол ғылыми-зерттеу институтының жұмыстары мен нәтижелерінің шетел асып, танымал болып жатқандығын біледі.

Жақында Қазақстан автожолшылар Қауымдастығының төрағасы Баймағамбетов Бағлан жұмыс сапары аясында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына келді. Өз ісінің білгірі, тәжрибелі маманның бірі  - Бағлан Баймағамбетов ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облыстық басқармасын және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалын баскарған, жол саласының білікті маманы бастаған, ол бүгінде  Қазақстан автожолшылары қауымдастығының президенті.

Қазақстан автожолшылары қауымдастығының президенті Баймағамбетов Бағлан бұған дейін де ҚазжолҒЗИ зертханаларында жасалып жатқан зерттеу жұмыстары туралы кеңінен білетін, өзі де айтып жүрген жұмыстарды тағы да көзімен көріп кетуді жөн санаған.

Бағлан Баймағамбетов ҚазжолҒЗИ зертханаларының аралап көріп, институт қолға алған жаңа жобалар  барысымен танысты.

  • ҚазжолҒЗИ заманауи технологиялық талаптарға сай жабдықталған, ТМД ғана емес, шетелдік белді ғылыми мекемелермен терезесі тең ғылыми институт. Оны осында әр келген сайын өзім көзбен көріп жүрмін. Институт басшысы өзінің ғылыми зерттеулерімен әлемге танымал белгілі ғалым – Бағдат Телтаев, әлем бойынша жол саласындағы алғашқы үш ғылыми жаңалықтың авторы. Бүгін осы мекемеде ғылымға бет бұрған жаңа буынның қалыптасып келе жатқанын көріп, олардың ғылыммен тікелей айналысып, еңбектерін жоғарғы рейтингті басылымдарда жариялап жүргендерін естіп қуанып қалдым. Бұл жол ғылымының болашағы бар деген сөз. Ал, ғылым мен жаңа технологияларға негізделген жол – болашақтың жолы, - деді Бағлан Баймағамбетов.   

Қазақстан автожолшылар Қауымдастығының төрағасы жылжымалы жол зертханаларының ғылыми тақырыптарға қатыстылығы, автомобиль жолдарының зерттеліп жатқан учаскелерінде температура мен ылғалдылық деректерін автоматты түрде алу үшін орнатылатын датчиктер туралы мәліметтерге қанықты.

Сонымен қатар тараптар кездесу барысында  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бірлесе атқарылатын іс-шаралар жөнінде бірқатар келісімдерді талқылады.

© 2019 Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы
Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Манатау к., 21