XVI Халықаралық «Казавтодор-Kaztraffik-2019» көрмесі
2019 жылғы 28-29 қарашада «Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы» заңды тұлғалар қауымдастығы Қауымдастықтың жеке стендін рәсімдеумен XVI Халықаралық «Казавтодор-Kaztraffik-2019» көрмесіне қатысты. Көрмеге автожол саласындағы 150-ге жуық отандық және шетелдік компаниялар, соның ішінде жол-құрылыс техникасы, құрылыс материалдары, асфальт-бетон зауыттары, жол белгілері мен белгі қою, жол бойындағы қызметтер және т.б. өндірушілер қатысты.
Осы көрме аясында «Жол құрылысының инновациялық тәсілдері: болашағы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда Қауымдастықтың вице-президенті Б.А. Баймағамбетов сөз сөйлеп, «Автомобиль жолдарын жақсартудағы халықаралық тәжірибе» тақырыбында баяндама жасады.